Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Әлімжанов: Елбасы – әлемдік саясаткер, түркі әлемінің абызы

2020 жылдың 26 қараша 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем елдерінің көшбасшылары Елбасы жайында тек жақсы пікір айтып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн өтіп жатқан халықаралық жиында Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егеменді ел болып, еңсемізді көтергелі 30 жылдың көлемі болды. Аз ғана уақыт ішінде әлем мойындаған керегесі кең, өзге елмен терезесі тең мемлекетке айналдық. Заманымыз тыныш, еліміз аман, қарыштап дамып келеді. Бұның бір ғана айғағы ретінде осы маңызды халықаралық шараны айтуға болады», - деді Н. Әлімжанов «ҚР Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол бүгінгі халықаралық жиынға Елбасымен бірге қызмет еткен, Тәуелсіздікті нығайтуда бірге еңбек еткен азаматтар қатысып отырғанын айтты.

Сонымен қатар Н. Әлімжанов өнер адамы ретінде Елбасы рөлін сомдап, төрт фильмге түскенін еске салды.

«Фильмнің өзі «Рухани жаңғыруға» да келіп отыр. Өйткені, «Рухани жаңғыруды» қарап, Елбасының үлкен саясатын, еңбегін көріп отырмыз. Қай жерге барсақ та, Тұғыш Президенттің аты аталады. Елбасы – ол әлем мойындаған саясаткер, бүкіл түркі әлемінің абызы. Әлем елдеріне барған кезде Елбасыны көрген әрбір адам тек қана жақсы пікірлерін айтып жатқанын байқадық», - деді Нұрлан Әлімжанов.


Жоғары қарай