Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Ермекбаев түрік әріптесімен кездесті

2020 жылдың 26 қазан 2020 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс кестеңіздің тығыздығына қарамастан уақыт бөліп, бізге Қорғаныс министрі ретінде алғаш рет келіп отырсыз. Сол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз достастығы жарасқан елдеріміз арасындағы стретегиялық әріптестікті нығайтуға үлес қосып, оны дамытуымыз керек. Біздің жан-жақты ынтымақтастықтығымыз бен әріптестігіміздің негізі, әрине, екі мемлекеттің көшбасшылары арасындағы сенімді және өте жақын достық қарым-қатынас саналады», - деді кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев.

Өз кезегінде Түркия Қорғаныс министрі кешеден бері қонақжайлық көрсетіп жатқан Қазақстан тарапына зор ризашылығын білдіріп өтті.




«Әрине, атажұртымызға келу біз үшін өте маңызды әрі қазақ жеріне табан тірегеннен кейін-ақ ортақ тарихымыздың тамыры қаншалықты тереңде жатқанын сезіндік. Бауырлас қазақ елінде болып жатқан барлық оқиғаларды жіті бақылап отырмыз. Ортақ тарихымыз, ортақ мәдениетіміз және біздерді жақындастыра түсетін дүниелер өте маңызды. Бауырлас елдердің көшбасшылары арасындағы байланыстар жұмысымыздың жемісті болуына септігін тигізіп отыр. Әскери саладағы ынтымақтастығымыз одан ары нығая түсетіндігіне сенімім мол», - деді Хулуси Акар.




ҚР Қорғаныс министрі түрік әріптесімен осыдан 2 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары барысында Анкара қаласында кездескендерін және сол кезде маңызды құжаттарға қол қойғандарын еске салып өтті.

«Атап айтқанда, әскери саладағы ынтымақтастық туралы және құпия мәліметтерді сақтау туралы келісімді рәсімдедік. Бұл сапар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға жақсы серпін берді. Ал жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес - бұл ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын негізгі құрал болып саналатындығын атап өткім келеді. Қазақстан мен Түркия арасында екіжақты сындарлы диалогпен қатар көпжақты ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Біздің елдеріміз БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨІСШК аясында белсенді түрде ынтымақтастықты дамыту үстінде. Екі елдің бастамасымен түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыратын өте маңызды саяси және мәдени ұйым - Түркі кеңес құрылды», - деді Нұрлан Ермекбаев.














Жоғары қарай