Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұрлан Ноғаев Қазақстанда мұнайды өңдеу мөлшерінің неліктен азайғанын түсіндірді

2020 жылдың 9 маусым 2020 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанда мұнайды өңдеу мөлшерінің неліктен азайғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда мұнайды өңдеу мөлшері 6,2 млн тоннаны ғана құрады. 2019 жылдың кезеңіне қарағанда бұл 91,4 пайызды құрайды. Көрсеткіштердің төмендеу себебі – экономикалық белсенділіктің төмендеуінен, қабылданған карантин шараларына байланысты еліміздегі ішкі нарықтарда да тұтыну азайды. Сол себепті мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі азайтылды», - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша бензин өндірісі қалыпты болғанымен, дизель отыны мен әуе бензинінің өндірісінің көлемі азайып кеткен.

«Мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Жанар-жағармай нарығында тапшылық байқалмайды. 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша 205 мың тонна бензин Еуропа елдері мен Орталық Азия мемлекеттеріне экспортталған. Ішкі нарықты битуммен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында министрлік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен 2020 жылға 984 мың тонна битум өндірісінің кестесін бекітті», - деді ол.


Жоғары қарай