Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирус індетінен құрбан болғандарды еске алды

2020 жылдың 13 шілде 2020 12:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжіліс пен Сенат ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күнінде Парламентте коронавирус індетінен құрбан болған азаматтарға арналған еске алу рәсім өтті.

Парламенттің Мәжіліс және Сенат төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев барлық депутаттық корпус атынан коронавирус індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары коронавирус індеті салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.


Басты сөздер: Коронавирус, Қоғам, Парламент,
Жоғары қарай