Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласында өтеді. ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады деп күтілуде.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі туралы айтып, X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, бұл депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескеретін және одан әрі ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды.

Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды. ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбекстанның Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері бастаған өзбек Парламент өкілдері де шақырылды.


Жоғары қарай