Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Нұрлан Өнербаев «Абай жолы» аудиокітабын дыбыстайды

2019 жылдың 20 қараша 2019 21:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.

«Нұрлан Өнербаев ағаммен AudioKitap жобасын талқылап отырмыз. Нұрекең қазір «Абай жолын» дыбыстау үстінде. Келесі кезекте Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауиннің тарихи шығармаларын дыбыстауды бастаймыз деп келістік», - деп жазды бюро басшысы Facebook желісінде.

Қазақ тіліндегі аудиокітаптар топтамасын AppStore, PalyMarket-тегі AudioKitap қосымшасынан табуға болады. Мұнда қазірдің өзінде 500-ден аса шығарманың дыбысталған нұсқасы бар.

«Аудио-кітап қатары толығып, жаңара береді. Дыбыстауға кітап/шығарма ұсыныңыздар. Ең жиі аталған кітаптарды бірінші кезекте жазып, саламыз», - деді Р. Кенжеханұлы.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Әдебиет, #Аbai175,
Жоғары қарай