Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлы жер: Ақмола облысында 60 отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 4 желтоқсан 2020 02:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Жарқайың және Есіл аудандарында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы мен жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға зор көңіл бөлініп отыр.

Жарқайың ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Уәлихан селолық окургіндегі мәдениет үйіне, Н.Крупская атындағы мектепке, А.Үкібаев атындағы мектеп интернатына жөндеу жұмыстары жүргізілді, жергілікті бюджет есебінен көпбейінді корт салынды.

Сонымен бірге Державинск қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тазарту нысанымен бірге кәріз желісі қалпына келтірілді.

Ауданға барған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев баспана кезегінде әлеуметтік жағынан осал, көпбалалы отбасыларға, жетімдерге және бюджеттік сала қызметкерлеріне пәтер кілтін тапсырды.

Жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтаған аймақ басшысы еліміздің басты саясаттарының бірі – әр қазақстандықты баспанамен қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Біздің облыс тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытуда. Соңғы үш жылдың ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. 13 мыңнан астам ақмолалық баспана мәселесін шешті», - деді Е.Маржықпаев.

Айталық, келер жылы Жарқайың ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланған.

Ал, Есіл ауданында аймақ басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстары жүргізілген әлеуметтік нысандар мен құрылыс жұмыстары салынып жатқан өндіріс орындарында болды.


























Жоғары қарай