Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Нұрлы жер»: Ақмола облысында мыңнан астам отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 14 мамыр 2020 03:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1348 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде жыл басынан бері 151 мың шаршы метр баспана беріліп, 1348 отбасы қоныс тойын тойлаған. Бұл көрсеткіш бойынша Ақмола облысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын есепке алмағанда облыстар арасында төртінші орында.

«Биылғы жылы 570 мың шаршы метр баспана салу жоспарда бар. Барлығы жалға берілетін 12 тұрғын үй немесе 506 пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде 172 пәтер көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналады. Тағы 7 тұрғын үй немесе 325 пәтер несиелеу арқылы салынады», - облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Ысқақова.

Ведомстводан атап өткендей, биылғы жылы Көкшетау, Ақкөл, Макинск, Степняк, Ерейментау, Есіл, Атбасар, Державинск, Степногор қалалары, Целиноград ауданының Ақмол және Қосшы ауылдарында тұрғын жағдай жақсара түседі. Сонымен бірге, облыс орталығы, Ақкөл, Аршалы, Буланды, Бурабай, Есіл және Зеренді аудандарында көппәтерлі тұрғын және жеке үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласы мен Ақкөл ауданында 661 жер теліміне су және электр желісі тартылатын болады.


Жоғары қарай