Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы мыңға жуық адамды Ashyq жүйесі арқылы тексерген

2021 жылдың 13 мамыр 2021 13:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq қосымшасы іске қосылғаннан бері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келген 10 мың адамның мәртебесі анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде әуежайдың баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов осындай мәлімет берді.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 10 мамырдан бастап Ashyq тестілеу түрінде енгізілді. 12 мамырдан бастап толыққанды жұмыс істей бастады. Екі күннің ішінде 9943 адам тексерілді. 8 жолаушыдан қызыл түсті, 8 жолаушыдан сары түсті мәртебе анықталды. Әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин айтып кеткендей, нысанның төрт шығу есігінде де арнайы жолақтар белгіленген. Яғни, экспресс шығу жолағынан жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы өтуге болады. Немесе алдын ала мобильді қосымшаны жүктеп алып сол арқылы кіріп-шығуға мүмкіндік берілген», - деді әуежай өкілі.


Жоғары қарай