Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрін қабылдады

2020 жылдың 1 қазан 2020 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына карантин кезеңінде елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жеке құрамды эпидемиядан қорғау жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылын жақсарту, олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

– Мемлекеттік органдардың қоғам үдесінен шыға білгені жөн. Жұртшылықпен тікелей диалог орнатып, азаматтармен кері байланысты жақсарту үшін қазіргі «платформалардың» жұмыс форматын қайта қарау қажет. Басты мақсат – халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін және оның қызметінің тиімділігін арттыру, – деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Президенттің жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.


Жоғары қарай