Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев: Жаңа заман келді – бәріміз өзгеруіміз керек

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының маңыздылығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Рухани жаңғыру» деген... Біз басқа өмірге келдік. Бұрынғы өмірде коммунистік идеямен жүрдік. Біздің үлкендеріміз, менің буыным сол идеямен жүрді. Енді өзгеруіміз керек. Жаңа заман келді. Экономика өзгерді. Түсінік өзгерді. Жастар қазір басқаша. Біздей емес. Он бестегі балалардың білімі бізден көп. Себебі олар интернетте отырып, дүниенің барлығын көреді, біледі. Сондықтан «Рухани жаңғыру» деген тек осы заманға бейімделу ғана емес, осы арқылы өсіп, өркендеу мәселесі. Сондықтан ол өте керекті, үлкен мағынасы бар, әлі талай жұмыс жүргізетін мәселе», - деді Елбасы «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, осы бағдарламамен Түркістанның салынуы үндеседі.

«Ұлы даланың жеті қырына байланысты қандай тарихты басып өткенімізді айтып отырмын ғой. Сол тарихты елдің бәрі біле бермейді. Сол тарихты сіңіру үшін еліміздің оңтүстігінде, осы жерден мың шақырым жерде «осында тоңған қазақтар сол жерге барып жылынып қайтып келсін» деп салынып жатыр. Түркістанның салынуын – сол бағдарламаның орындалуының бір саласы деп есептеу керек», - деді Елбасы.


Жоғары қарай