Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Императорына көңіл айтты

2019 жылдың 14 қазан 2019 12:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.

Жоғары қарай