Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

2021 жылдың 21 мамыр 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейнеконференция байланысы режимінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды elbasy.kz.

2020 жылғы атқарылған жұмыс қорытындыланып, орта мерзімді перспективадағы міндеттер қаралды. Сондай-ақ коронавирус пандемиясы жағдайындағы өзара интеграциялық іс-әрекет туралы пікір алмасылды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы бірлесіп жұмыс істеу арқылы Еуразия экономикалық одағы әлемдік экономикада өз орнын тапқанын айтты.

– Коронавирус пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс біздің интеграциялық бірлестігіміз үшін үлкен сынақ болды. Қауіпсіздік мәселелері алдыңғы қатарға шықты, – деді Елбасы.




Нұрсұлтан Назарбаев жиында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтеріп, әлемдік «жасыл» экономиканың даму үрдістеріне тоқталды. Сонымен қатар Еуразия экономикалық одағының басқа интеграциялық бірлестіктермен, ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастығы және жүйелі экономикалық диалогты жалғастыруы маңызды екенін атап өтті.

– Сенімді серіктестермен және одақтастармен бірлесіп қана елдеріміздің экономикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге болады. Еуразия экономикалық одағы құрылғаннан бері ұйым мүшелері ең күрделі жағдайда да өзара мәмілеге келіп, бір-бірін қолдайтын серіктестер екенін көрсетті. Қазіргі жағдайға байланысты біз интеграция мен өзара түсіністікті бұдан да арттыра түсуіміз керек, – деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы.





Жоғары қарай