Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси стратегиясының сабақтастығы сақталады – Президент Тоқаев

2019 жылдың 26 қараша 2019 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сырты саясатындағы негізгі нәтижелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ханымдар мен мырзалар! Стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек.Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз халықаралық алаңда лайықты орын алды. Мемлекетіміз жаһандық жағдайға бейімделді. 2019 жыл халықаралық деңгейдегі көптеген табысты кездесулерге де толы болды. Мен сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға ресми сапармен бардым. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр», - деді Президент Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиттеріне қатысқанын атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, соның аясында бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Биыл Қазақстанға ресми сапармен Корея Республикасы, Грузия, Армения, Моңғолия, Беларусь және Швейцарияның мемлекет және үкімет басшылары келді. Осы сапарлар мен кездесулер өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік тудырды.

«Ерекше атап өткім келетіні, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси стратегиясының сабақтастығы сақталады және одан әрі дами түседі. Елбасы - мемлекетіміздің негізін қалаушы, заманымыздың көрнекті саясаткері. Ол жаһандық антиядролық қозғалысқа, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай