Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Нұрсұлтан Назарбаевтың Токиоға келген сәтінің видеосы жарияланды

2019 жылдың 22 қазан 2019 00:47

ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі Instagram-да Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Елбасының Жапония Үкіметінің шақыруымен осы елдің императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келгендігі хабарланған болатын.

«Таққа отыруына арналған ресми шара 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар барысында Елбасы бірнеше екіжақты кездесу өткізеді»,-деп жазды Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өзінің парақшасында.

Жоғары қарай