Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұртілеу Иманғалиұлы телевизияда өзіндік қолтаңбасын қалдырды - Нұрлан Нығматулин

2021 жылдың 17 ақпан 2021 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақ телевизиясының майталманы, халқымыздың қадірлі ұлы, танымал тұлға Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс төрағасы бұл - қазақстандықтар үшін, қоғам үшін, қазақ телевизиясы үшін орны толмас ауыр қаза екенін айтты.

«Нұртілеу Иманғалиұлы ұлтын, елін, жерін құрметтеген үлкен жүрегімен, саналы ғұмырын егемен еліміздің игілігіне арнады. Мағынасы терең, жауапкершілігі зор көптеген салмақты бағдарламаларды асқан шеберлікпен жүргізіп, өзекті сұрақтардың шешімін табуына өлшеусіз үлес қосты. Телевизия саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, мыңдаған шәкірттер тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырды» делінген жеделхатта.

Палата спикері асыл азаматтың ақжарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, біз бүгін қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өткенін жазған болатынбыз.



Басты сөздер: БАҚ, Парламент, Мәжіліс,
Жоғары қарай