Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұртөре Жүсіп электросамокаттар мен гироскутерлерден қандай қауіп бар екенін айтты

2021 жылдың 14 қазан 2021 11:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттың айтуынша, электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Ресми деректер бойынша, биялғы 8 айында осындай қозғалыс құралдарының қатысуымен 387 жағдай тіркелген, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан, ал 411 азамат жарақат алған.

«Электрсамокаттарды әкелуді және қауіпсіз пайдалануды құқықтық реттеу қажет деп білеміз. Сізден жоғарыда аталған құрылғыларды жіктеу және заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу мәселесін тездетіп пысықтауды сұраймын. Еуразиялық экономикалық одақтың салалық техникалық регламенттерінің нормаларын ескере отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру аясында регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау маңызды», - деді Нұртөре Жүсіп ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға жолдаған депуттатық сауалында.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Жол, Қауіпсіздік,
Жоғары қарай