Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

Өгей шешесі мен оның анасын сабаған түркістандыққа іздеу салынды

2019 жылдың 16 тамыз 2019 18:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында екі әйелді ұрып-соққан күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысында полиция қызметкерлері екі әйелді ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұған дейін әлеуметтік желіде қан-жоса болған қарт әжей мен ересек әйелдің бейнежазбалары тараған еді. 2019 жылдың 15 тамызында Келес аудандық полиция бөлімшесіне екі әйелдің тән жарақатымен ауруханаға түскені хабарланды», - делінген облыстық департамент хабарламасында.

Оқиға орнына келген полицейлер тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Келес ауданы тұрғынының үйге баса-көктеп кіріп, өгей шешесі мен оның анасын сабап, қашып кеткенін анықтады.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зақым келтіру» және 149-бабы «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр және онда оқиғаның мән-жайы анықталады. Күдіктіге іздеу салынды», - деп хабарлады Түркістан облысының Полиция департаменті.

Жоғары қарай