Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оқитын ұлт: Ақтоты Райымқұлова ұлттық кеңес мүшелеріне жаңа жобаны таныстырды

2021 жылдың 20 желтоқсан 2021 20:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Президент көмекшісі Ерлан Қарин мәлім етті.

«Кездесу аясында министр биыл өткізілген негізгі мәдени, спорттық іс-шаралар мен ғылыми конференцияларға тоқталды. Сондай-ақ, Ақтоты Райымқұлова мәдениет, спорт және сауықтыру нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі спорт түрлерін дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларының іске асуына назар аударды»,-деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, министр Ұлттық кеңес алаңында айтылған ойын бизнесін реттеуге және «Оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу ретімен таныстырды.

«Министр баяндамасынан кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Ұлттық кеңес мүшелері Асхат Садырбай , Жеміс Тұрмағамбетова , Татьяна Талаева , Қайсар Тұрсынқожа, Бөріхан Нұрмұхамедов , Қазыбек Иса , Айгүл Орынбек, Айдос Сарым, Марат Бәшімов және Максим Рожин түрлі мерейтойлық іс-шараларды өткізу және мәдени мұраны насихаттау, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, әдебиет және баспа саласын дамыту, жаппай және кәсіби спортты қолдау бойынша өз сұрақтарын қойды. Кездесу соңында қатысушылар талқыланған мәселелер мен ұсыныстарды бірлесіп пысықтауға келісті» деп түйіндеді сөзін Президент көмекшісі.


Жоғары қарай