Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оқу процесін ұйымдастыру үшін цифрландыру қажет – Гүлзат Көбенова

2021 жылдың 2 наурыз 2021 13:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық қабылданып жатқан шаралар жоғары білім саласын тиісті деңгейге жоғарылатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балабақшаларда кезекші топтармен жұмыс істеу ары қарай жалғасып келеді. Колледж бен жоғары оқу орындарында да осыған дейінгі қаулыда бекітілген форматта жұмыс жалғастырылуда. Өздеріңізге белгілі, 1-курс студнттері үшін аралас форматқа көшіру ұымдастырылған болатын. Бүгінгі күні осы бойынша жұмыстар жалғастырылуда, әзірге бұған қатысты өзгерістер болған жоқ», - дейді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыру мәселесі бойынша біраз шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Цифрландыруға қатысты да шаралар қолға алынып жатыр. Қазіргі жағдайда ең бастысы – оқу процесін ұйымдастыру үшін цифрландыру қажет. Оқу үрдісімен қатар, академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша да тиісті шаралар қабылдануда. Барлық қабылданып жатқан шаралар жоғары білім саласын тиісті деңгейге жоғарылатады деп ойлаймыз», - дейді ол.


Жоғары қарай