Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Оқулық іріктеу қалай іске асады

2019 жылдың 8 тамыз 2019 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Оқулықтарды іріктеудің жаңа жүйесі енгізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы кеңесте оқулық сапасы сараптаудың әлсіздігінен зардап шегетінін айтты.

«Оқулық сапасын сараптауға қатысты сын көп. Иә, оған үздік мұғалімдерді тартамыз. Бірақ жақсы мұғалімнің бәрі мықты сарапшы емес. Кез келген мұғалім оқулыққа сараптама жасай алмайды. Ал біз бұрын сараптама жасап көрмеген ұстаздарды жинап аламыз да, қолдарына оқулық ұстатамыз. Жүйенің өзі дұрыс болмаған соң, нәтижесі де белгілі. Оқулық сапасын нағыз мамандар сараптауы тиіс», - деді министр.

Келешекте оқулыққа сараптама жасайтын мұғалімдер сертификаттаудан өтіп, сарапшылар пулына топтасатын болады. Асхат Аймағамбетов осылай ғана оқулық сапасын арттыруға болады деген пікірде.

«Саладағы жағдайға көңіл толмайды. Оқулық дайындау, оның сапасын сараптау, іріктеу жүйесіне өзгеріс енгізетін боламыз. Сондықтан, ендігі оқулық басу кезеңінде мен барлық баспаларға осы айтылған мәселелерді ескеруді тапсырамын. Мұндай бассыздықтарға жол беріп қоя алмаймыз. Нақты шешімдер қабылдап, жүйелі жұмыс жүргізетін кез жетті», - деді министр.

Жоғары қарай