Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Оқулықтарды сараптау жұмысын тек тәуелсіз мамандар атқарады - БҒМ

2020 жылдың 4 маусым 2020 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда оқулық сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл - өзекті мәселе», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов есептік кездесу барысында.

Бұл мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі қозғайды.

«Биылдан бастап оқулықтардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту туралы ҚР БҒМ бұйрығы шықты. Оқулықтарды сараптау жұмыстарымен тек тәуелсіз мамандар айналысады. Оқулық авторлары мен баспалардың оқулықтарды әзірлеудегі жауапкершілігі артты. Енді сатып алынған оқулықтарда қателер анықталған жағдайда баспалар барлық шығынды өздері өтейді. Авторлар мен сарапшыларды оқыту жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оқулықтармен қамтамасыз ету талаптарын күшейтеміз, 100% қамтамасыз ету біз үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс», – деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Сонымен бірге, министр мектеп оқушыларының 96% жаңартылған білім мазмұнына көшкенін, ал 11-сыныптар жаңа бағдарламаға биыл ауысатынын айтты. Осылайша, орта білім беру жүйесінің жаңартылған білім мазмұнына толық көшіріледі.


Жоғары қарай