Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оқушылар бірінші тоқсанда оқуды қандай форматта бастайды

2021 жылдың 28 шілде 2021 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады? Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевқа Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері осындай сауал қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», - деген Жомарт Қарамбаев қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты.

«Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», - деді ведомство өкілі.


Жоғары қарай