Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиада-2020: Жансай Смағұлов армениялық қарсыласын тізе бүктірді

2021 жылдың 26 шілде 2021 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды. Бүгін ерлерден 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады деп хабарлайды Olympic.kz.

73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан бастады. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді.

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық Артур Маргелидон.





Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай