Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиада: Боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы анықталды

2021 жылдың 26 шілде 2021 18:24

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, ол 75 келіде жарыстың бірінші іріктеу сатысына қатысқан жоқ.

Енді ол екінші іріктеу сатысында Өзбекстаннан келген Фанат Кахрамоновпен қолғап түйістіретін болды.

Өзбек боксшысы бүгін грузиялық Георгий Харабадзені жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Қазақ және өзбек былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жегі 29 шілдеге белгіленген.

Қарсыластар былтыр Иордания астанасы Амман қаласындағы лицензиялық турнирде кездесіп, ол жолы қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді.

Айта кетейік, Олимпиадада 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галоштың осал тұсын тапты.

Ал, 63 келіде Закир Сафиуллин перулік Леодан Песо Сабойяны жеңіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Сондай-ақ, Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероны қапы қалдырып кетті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада, Бокс,
Жоғары қарай