Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді

2021 жылдың 26 шілде 2021 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнұран біткеннен кейін спортшыларға максимум 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек болады.

Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек.

Еске сала кетейік, Қазақстан әзірге биылғы Олимпиада ойындарында екі «қола» алды. Еліне жеңісті дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетші Игорь Сон әкелді.


Жоғары қарай