Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиадада коронавирус жұқтырғандар арасында қазақстандықтар бар ма – Комитет жауабы

2021 жылдың 2 тамыз 2021 21:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасында коронавирус оқиғалары тіркелді ме? Сұраққа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спортшылар арасында коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Біз барлық санитарлық нормаларды сақтадық. Олимпиада басталар алдында үш күн бойы барлық спортшылар мен делегация мүшелері карантинге оқшауланды. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Біздің спортшылардың ешқайсысы ауырған жоқ», - деп жауап берді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жалпы, Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталған.

«Олимпиадада COVID-19 жұқтыру фактілері әлі де тіркелуде. Токиода соңғы тәулікте 21 адам коронавирусқа шалдықты. Олардың арасында жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылардың жоқтығы қуантады. Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталды», - делінген Қазақстанда Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарламасында.


Жоғары қарай