Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Олжас Бектенов «ҚазАгро» туралы: Бұл мәселе бүгін ғана туындаған жоқ

2019 жылдың 30 шілде 2019 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңесте «ҚазАгро» холдингінің мәселесі де талқыға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов холдингтің жұмысындағы негізгі проблемаларды атады.

«Өздеріңіз білесіздер, Үкіметтің кеңейтілген отырысында «ҚазАгро» жұмысы сынға ұшырады. Президент бұл құрылымның тиімсіздігі туралы ашық мәлімдеді. Көптеген қаржылық кемшіліктер, қаражатты тиімсіз пайдалану мәселелері көтерілді. Біз де бұл проблеманы зерттеп, айналысқанбыз. Өйткені, бұл мәселе бүгін немесе биыл ғана туындап отырған жоқ», - деді ол.

Холдинг қызметінің тұрғындарға тиімсіз ұйымдастырылғанын атаған агенттік өкілі аталмыш мекеменің еншілес кәсіпорнында басшылық қызмет атқарған лауазымды тұлғаның сотталғанын айтты.

«Аграрлық несие корпорациясы несие беру және көрсетілетін қызметтер бойынша құжаттар тізімін нақты ұсынбаған. Біреуге басқа тізім ұсынса, келесі адамға мүлде бөлек тізім берген. Аграрлық несие корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Ахметов сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Бұл жерде, тұтастай алғанда, холдингтің қаншалықты тиімді екенін зерттеп, »тиімді ету үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап табу міндеті тұр», - деді Олжас Бектенов.

Жоғары қарай