Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олжас Сүлейменов әдебиеттің таңғажайып феномені- Алматыда ақынға арналған конференция өтіп жатыр

2021 жылдың 17 мамыр 2021 12:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Танып – біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениетттерді жақындастыру» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияның мақсаты- Олжас Сүлейменовтің өміріндегі әдеби, ғылыми және қоғамдық-саяси идеялар мен құндылықтарды түсіну және зерттеу.

Шара барысында мерейтой иесі Олжас Сүлейменов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.

«Келіңіздер, бәріміз бірге сәлем жолдайық және туған күнмен құттықтайық!», - деді ақын.

Кейін конференцияның барлық қатысушылары Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, университет ректорлары, профессорлар, ақының достары мен әріптестері.

Конференцияда 3 сессия жұмысы жоспарланған. Оның аясында Олжас Сүлейменовтің өмір жолындағы негізгі бағыттарын және оның адамзат тарихындағы рөлін ұғыну және зерттеу ұсынылады:

1 сессия – «Олжас Сүлейменов: планетарлық поэтика». Сессия аясында Олжас Сүлейменовтың әдеби феномені мен поэзиясын ұғыну.

2 сессия– «Сөз коды: тарих және лингвистика». Сессия аясында Олжас Сүлейменовтің тарихи-лингвистикалық тұжырымдамасын және оның перспективаларының дамуын талқылау.

3 сессия – «Тауды аласартпай, даланы асқақтату». Сессия аясында Олжас Сүлейменовтің еліміздегі және әлемнің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін түсіну.

Аталған шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013-2022 жж.) аясында Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Олжас Сүлейменов – XX-XXI ғасырлардағы аса көрнекті ақын, бүкіл әлемге өзінің поэзиясымен ғана емес, қоғамдық-саями қызметімен де танымал тұлға. Олжас Омарұлы әр жылдары ҚазКСР Жазушылар Одағын басқарып, Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, көп жыл бойы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1995-2001 жылдары аралығында ҚР-ның Италия, Греция, Мальтадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2001-2014 жылдары – Қазақстанның ЮНЕСКО- дағы Тұрақты өкілі болды.

Олжас Сүлейменовтің поэзиясы-әдебиеттің таңғажайып феномені. Ақынның өмірбаяны мен өміршеңдігі авангард поэтикасын, дала мотивтері мен техногендік дәуірдің космизмін, мәдениеттердің диалогы мен диалектикасын – біріктіреді.

Олжас Сүлейменовтің өлеңдері мен поэмалары ағылшын, француз, неміс, испан, чех, поляк, словак, болгар, мажар, моңғол, қырғыз, түрік және басқа да тілдерге аударылған.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әдебиет, Алматы, Мәдениет,
Жоғары қарай