Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Омбыдағы қазақтар туралы не білеміз

2019 жылдың 3 қараша 2019 22:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Омбы қаласында «Қаржас» атты ауыл бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерге үш ғасыр бұрын ата-бабаларымыз көшіп барып, тұрақтап қалған.

Бүгінде Ертіс өңірінен қоныс аударған қазақтардың ұрпақтары сол елді мекеннің байырғы тұрғындары саналады. Қандастарымыз тарихи отаннан жырақ жатса да, қазақи дәстүрден алыстамаған.

Қазіргі уақытта омбылық қазақтардың құрметіне ауылға кірер жолда автобус аялдамасы ашылды. Оған осы рудың атауы берілген. Енді алдағы уақытта ата-бабаларымыз жерленген алып зиратты мемориалды кешенге айналдыру жоспарланған. Бұл бастаманы тарихшы-этнографтар мен өңір тұрғындары көтеріп жатыр.

Этнограф-тарихшы Шолпан Ахметова көне қазақ молаларын зерттеумен 20 жыл бойы айналысып келеді. Бұл зират басы 18 ғасыр карталарында көрініс тапқан.

«Уақыт өте келе топырақ үйінділеріне айналып кеткен. Біздің есебімізше, бұл нысан – Омбы қаласының құрдасы. Яғни 300 жылдық тарихы бар. Бұл жерді мемориалдық кешенге айналдыру керек. Әйтпесе, табан астында қалады», - дейді Шолпан Ахметова.

300 жыл бұрын бұрын Омбы қаласы Ертістің оң жағалауында бірнеше ірі елді мекен болған. Енді көне ауыл тұрғындарының құрметіне аялдаманың атауы да өзгертілді.

«Әкем марқұм 1910 жылы туған. Сонда айтатын, 13 жасында Төртінші Калининскийде үй салған әке-шешесі. Сол жерде 20 үйден ауыл болған, яғни Қаржас. Үлкендер қайтып кетті. Біз сияқты үлкендердің балалары, немерелері тұрып жатыр», - дейді Қаржас ауылының тұрғыны Күлән Сейтенбаева.

Аялдаманың атауын өзгерту бастамасын тұрғындар көтеріпті. Енді 18-ғасырда пайда болған ауыл туралы барша жұрт біледі.

Ал келер ұрпақ ата-баба тарихын ұмытпасы анық.

«Тарихи орындардың атауларын сақтау керек. Аялдаманың атауын өзгертуді қаржастықтар өздері ұсынды. Бас тарта алмадық. Себебі ауыл тарихы – Омбы облысының тарихының ажырамас бөлігі. Әрдайым есте болу керек», - деп Омбы әкімшілігі ұлттық саясат, дін және қоғамдық бірлестіктер жөніндегі басқарма басшысы Марина Штергер.

Алдағы уақытта жылы аялдама ашу да жоспарланған. Бұл өлең жолдарын Гүлсұлу Нұрмағамбетованың әкесі шығарған. Өз заманында отбасылық ансамбль құрып, қазақ өнерін омбы жұртына таныстырған. Бүгінде «Қаржас» атты қазақ ауылында 50-ден астам отбасы түтін түтетіп отыр.

Тарихшылардың айтуынша, 18-ғасырдың басында бұл жерге Семей және Павлодар облысының Баянауыл өңірінен «Ақша» атты ру көшіп келген. Бүгінде нысан мәдени ескерткіштерінің тізімінде болса да, назардан тыс қалған. Тарихшылар мен қаржастықтардың алаңдауы да сондықтан.

«Мемориалды кешенді ашу керек. Әйтпесе, ол жер дала секілді болып қалады. Ол жерде ескерткіштер бар. Орны бар. Кешен ашылса, Омбының тарихын байытар», - дейді тарихшы Айгүл Бескемпірова.

Бүгінде Омбы жерінде ондаған қазақ ауылы бар. Шамамен 500 жыл бұрын ірі ауылдардың саны әлдейқайда көп болған. Бүгінгі заманда бұл өңірде ата-бабаларымыздың тіршілік еткенін осындай нысандар айғақтары сөзсіз. Оларды көненің көзіндей сақтамасақ, бізге сын, дейді омбылық қандастар.
Басты сөздер: Қандастар, Ресей,
Жоғары қарай