Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өмірзақ Шөкеев: Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы атануы – тарихи әділдік

2021 жылдың 16 сәуір 2021 15:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы атты» халықаралық бейнеконференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы болып жариялануын тарихи әділдік деп бағалайтынын айтты.

«Биылғы жылдың көктемі облыс үшін жақсы жаңалықтармен басталды. 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында өткен түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өте табысты аяқталды. Әрі тарихи әділдік орнап, Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы болып бекітілді. Осы орайда баршаңызды Түркістанның жаңа тарихи кезеңінің басталуымен құттықтаймын», - деді облыс әкімі.

Еске салсақ, 31 наурызда ТМЫК-тың бейресми саммиті онлайн режимде өткен болатын.


Жоғары қарай