Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев өмірден озды

2020 жылдың 9 шілде 2020 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгілі өнер саңлағы, әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Қазақ музыка өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген атақты композитордың шығармалары, әндері мен әуендері туған халқының жадында, жұртының жүрегінде мәңгі сақталатыны ақиқат. Композитор Кеңес Дүйсекеев «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, «Қазақконцерт» бірлестігінің музыка жетекшісі, Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы сияқты жауапты басшылық қызметтерді атқара жүріп, артында мол шығармашылық мұра қалдырды.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқысын», - деп жазды А.Балаева.

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» , «Құрмет» ордендерімен марапатталған.


фото:alashainasy.kz


Жоғары қарай