Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Өңірлер арасындағы бәсекелестікті күшейту қажет – Kazakh Tourism

2019 жылдың 24 тамыз 2019 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, ішкі туризмді дамытудың екі жолы бар.

«Бірінші жолы – ынталандыру шаралары. Мәселен, ЭКСПО-2017 кезінде туристер көп болды, сәйкесінше ынта болды. Қазір батыс елдері көбірек білу үшін ақпараттық турлар өткізіп жатырмыз. Жақын арада оңтүстіктен шығыс өңірлерге туристік операторларды апарамыз», - деді Қайрат Сәдуақасов Нұр-Сұлтанда өткен Халықаралық блогерлер форумында.

Ішкі туризмді дамытудың екінші жолы ретінде спикер өңірлер арасындағы бәсекелестікті атады.

«Кей өңірлер бірден шетелдік туристерге ауыз салғысы келеді, бар назарды соларға аударып отыр. Бірақ, олар ең басты аудиторияның ішкі туристер екенін ұмытпауы тиіс. Қазір әкімдіктерді осы жұмысқа шақырып жатырмыз. Алматы Нұр-Сұлтанмен, Нұр-Сұлтан Ақтаумен бәсекеге түсуі керек. Олар барынша белсенді болып, жарнама жасаулары қажет», - деді Kazakh Tourism өкілі.

Айта кетейік, елордада «Қазақстанды таны» халықаралық блогерлер форумы басталды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Италия, Ресей, Үндістан, Тайланд, Канада сынды әлемнің 18 елінен блогер лер жиналды.

Шара барысында қатысушыларға блогингті дамыту туралы «Саяхаттағы сурет», «YouTube профилін дамыту», «Стартап промоутер», «Бизнес-блогинг», «Әлеуметтік шындық», «Qazaq Instagram» тақырыбында шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.


Жоғары қарай