Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өңірлік операторлар тікелей өндірушіден көмірдің 10%-ын аукционда делдалсыз сатып алады

2021 жылдың 24 мамыр 2021 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 мамырда коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы өткізу бойынша ұсынымдар (секциялық қағидалар) шеңберінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің биржалық сауда-саттығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Биржалық комитет әзірлеген осы қағидалар өңірлік операторлардың тікелей өндірушіден делдалсыз сатып алуы үшін қолжетімді шағын партиялармен көмір разрездері өндірген көлемнің 10%-ын сауда-саттыққа шығаруды көздейді.

«Қаражыра» АҚ сауда-саттық ағымдағы жылғы 24-28 мамыр аралығында (5 жұмыс күні) «Каспий» тауар биржасы» АҚ алаңында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін жоспарланған.

«Сауда-саттық спот сауда-саттық түріндегі Д маркалы көмір сауда құралы бойынша өтеді, онда биржалық тауарды жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейін үшінші айда, яғни шілдеде жүзеге асырылады, жеткізу шарттары - FCA, жеткізу базисі - Дегелең стансасы. Лот көлемі 350 тонна, сауданың жалпы көлемі 11 500 тонна, базалық бағасы 5 682 тг/т.

Бірінші күні сауда-саттыққа 2 450 тонна (7 лот, мұнда 1 лот 350 тонна) ағымдағы жылғы шілдеге жеткізумен 5682 тг/т базалық баға бойынша шығарылды, FCA жеткізу шарттары, Дегелең стансасы жеткізу базисі», делінген хабарламада.

Сауда-саттыққа 1 сатып алушы өтініш берді – «Север Энерго Уголь Снаб» ЖШС. Сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 мәміле жасалды:

Баға

Көлем

Сома

Сатушы

Сатып алушы

Күні және уақыты

5 682,00

700

3 977 400,00

«Каражыра» АҚ

«Север Энерго Уголь Снаб» ЖШС

24.05.2021 10:10:16

«Шұбаркөл Көмір» АҚ сауда-саттық ағымдағы жылғы 25-31 мамыр аралығында (5 жұмыс күні) «Астана» Әмбебап тауар биржасы» АҚ алаңында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:30-дан 10:30-ға дейін жоспарланған.

Сауда-саттық ай сайынғы ақы төлеу және күнтізбелік алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге жеткізу талабымен келісім-шарттармен сауда түрінде өтеді, бұл ретте биржалық тауарды тиеп жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айдан желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Жеткізу шарттары FCA, жеткізу орны Қызылжар стансасы (КШХ) немесе Шұбаркөл стансасы. Сауданың жалпы көлемі 147 220 тонна.

«Секциялық қағидалар бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес көмір өндіруді жүзеге асыратын көмір өндірушілер (көмір разрездері, көмір шахталары) не олардың сауда өкілдері сатушылар болып айқындалды. Сатып алушылар - жергілікті атқарушы органдардан берілген ақпарат негізінде тауар биржасының аккредиттеуін алған, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде техникалық жарақтандырылған теміржол тұйығы (таразы техникасы, тиеу-түсіру көлігі және т.б.) бар және көмірді сақтау мен тиеп-жөнелту және халыққа жеке пайдалану үшін өткізу мүмкіндігі бар көтерме сауда жеткізушілері немесе бөлшек сауда сатушылары», делінген хабарламада.

Республика бойынша өңірлік операторлардың қалыптастырылған тізбесі 99% газдандырылатын үш өңірді (Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) қоспағанда, 174 заңды тұлғаны (187 тұйыққа) қамтиды. Өңірлік операторлардың қалыптастырылған тізбесі барлық тауар биржаларының назарына жеткізілді.

Еске сала кетсек, 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігі көмір енгізілген биржалық тауарлар тізбесін бекітті. Осы тізбеге сәйкес көмір өндіруші компаниялар 60 тонна партия тең болған немесе асып кеткен кезде коммуналдық-тұрмыстық көмірді өткізуді тауар биржалары арқылы ғана жүзеге асыруға міндетті. Көмірмен тауар биржалары арқылы сауда жасаудың бұл тәжірибесі түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуіне әкеледі. Қазіргі кезде ҚР ИИДМ 10% көлемінде тауар биржасы арқылы сатылуы тиіс коммуналдық-тұрмыстық көмірдің ең төменгі партиясын жою және ең төменгі үлесін белгілеу және осы норма қолданылатын тұлғалар санатын бекіту бөлігінде жұмыс жүргізіп жатыр.

Биржалық сауданы дамыту «негізгі қуатқа» қолжетімділікті қамтамасыз етуге және баға белгілеудің бұрмалануын жоюға арналған Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Биржалық сауда бәсекелестікті дамытудың негізгі құралы болып табылады, объективті нарықтық баға индикаторларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биржадан тыс бағалар биржалық бағалармен салыстырылады, болашақта биржадан тыс бағалар биржаға жақын болады, бұл нарықтағы баға ахуалын теңестіреді.


Жоғары қарай