Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оңтүстік Корея әскерінде COVID-19-дың өршуі тіркелді

2021 жылдың 19 шілде 2021 15:21

СЕУЛ. YONHAP- ҚазАқпарат – Таяу Шығыстағы теңіз қарақшыларымен күресте суды күзететін оңтүстік кореялық әскери кеменің барлық экипажы борттағы коронавирус өршуі салдарынан алмастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Африка жағалауларындағы судағы қарақшылықпен күресу бойынша миссияны орындаушы оңтүстіккореялық Чхонхэ бөлімшесінің 301 теңізшісінің 247-сі коронавирус жұқтырған, деп мәлімдеді дүйсенбі күні Штабтар басшыларының бірлескен комитеті (JCS).

«301 экипаж мүшесінің 247-сінен коронавирус анықталды, 50 адамның тесті теріс нәтиже көрсетті. Төрт адамның сынамасын талдау мүмкін болмай отыр», - делінген JCS хабарламасында.

Әскери қызметкерлер үйлеріне сейсенбі күні қайтарылады деп жоспарлануда. Үкімет жұма күні Африкаға екі KC-330 әуе танкерін жіберу арқылы олардың барлығын әуе арқылы тасымалдауға шешім қабылдады.

Жоғары қарай