Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оңтүстік Кореяда Абай мен Әл-Фараби бейнеленген пошта маркасы шығарылды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 20:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың өлеңдер жинағы корей тіліне аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елшілікке сілтеме жасап.



Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің қолдауымен корей тілінде ұлы Абайдың өлеңдері қамтылған («황금천막에서부르는노래 (Алтын шаңырақта шырқалған ән)» атты кітап жарыққа шығарылды.

Бұл кітап Абайдың 106 өлеңі мен 2 эпикалық поэмасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан тұрады.

Кітаптың авторы корейлік жазушы Ким Бён Хак болып табылады. Ол 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматы облысының Үштөбе қаласындағы корей орталығында жұмыс істеді.

Өлең жинақтарымен қоса, Оңтүстік Кореяда Абай мен Әл-Фараби бейнелері жазылған маркалар пайда болды. Елдегі негізгі пошта операторы «Korea Post» алғаш рет Қазақстан маркаларын басып шығарды. Маркалардың дизайны ағылшын тілінде Абайдың 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдығының белгілерімен дәйекті стильде жасалған.


Жоғары қарай