Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1000-ға жуықтады

2020 жылдың 24 ақпан 2020 17:19

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея үкіметі коронавирус жұқтырғандар санының рекордтық деңгейге жеткенін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Рёнхап-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, індеттің ошағы оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында орналасқан. Денсаулық сақтау өкілдері вирустың елде таралмауын тоқтату үшін бар күшін салуда.

231 вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 833. Бұған қоса, Тэгу қаласына жақын орналасқан Чхондо штатында ауруханаға барған 62 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл – елдегі коронавирустан мерт болған жетінші адам.

Дүйсенбі тұрғындар саны 2,5 млн жуық адамды құрайтын Тэгу қаласында вирус жұқтырғандар саны бірден өсті – 196-дан 483 адамға жетті. Қала тұрғындарына үйлерінен шықпауға кеңес беріліп жатыр.

Аурудың таралған негізгі екі ошағы – діни секта орналасқан Тэгу қаласы мен көрші Чхондо штаты.

Бұл өңірдерде вирус жұқтырғандар саны елдегі коронавирусқа шалдыққандардың үштен бірін құрап отыр. Ауру жұқтырғандардың 60 проценті Тэгудегі Синчхонджиде орналасқан шіркеудегі сиынушылармен, 15 проценті – Чхондодағы Даен ауруханасымен байланысты.

Вирус жұқтырған адамдар санының артуы Корея экономикасының төмендеуіне әкеліп соқтырып жатыр. Президент Мун Чжэ Ин шенеуніктерді коронавирустың экономикаға ықпалын жеңілдету үшін қосымша бюджеттің қажеттілігі туралы мәселені қарастыруды бастауға шақырды.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай