Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оңтүстікте электр энергиясын өшіру себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 20:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтаушы «КЕGOC« АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және орын алу себептері мен шарттарын шынайы және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады», - деп атап өтеді министрліктен.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы апаттық жағдайда ажыратылды. Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.


Жоғары қарай