Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ӨР ДСМ: Өзбекстанда COVID-ке қарсы вакциналаудан кейін бірде-бір өлім тіркелген жоқ

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 12:49

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудан кейін бірде-бір өлім оқиғасы немесе ауыр жанама әсері тіркелген жоқ. Бұл туралы брифинг кезінде Өзбекстан Республикасының коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі Севара Убайдуллаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік өкілі әлеуметтік желілерде коронавируске қарсы екпе салдыртқаннан кейін орын алған өлім немесе денсаулық нашарлау оқиғалары туралы таралған хабарламаларға қатысты түсініктемесін берді.

«Әлеуметтік желілерде «Ол вакцина салдыртқан соң қайтыс болды» немесе «Оның жағдайы вакцина салдарынан нашарлаған» атымен салынған бейнеүндеулерді зерттеген арнайы жұмыс топтары құрылған. Зерттеу қорытындысы жанама әсерлердің бірде біреуінің вакцинаға қатысы жоқ екенін растады. Бүгінде Өзбекстанда COVID-19 вирусына қарсы вакциналардан бірде бір өлім оқиғасы немесе күрделі жанама әсер алу тіркелген жоқ», - деп мәлімдеді С.Убайдуллаева.

Маман вакциналар нұсқаулықтарында жанама әсер тізімі жазылғанын, соның ішінде екпе салдыртқаннан кейін бір сағаттың ішінде пайда болатын түрлі аллергиялық реакциялар бар екенін атап өтті.

«Екпе салдыртуға қарсы көрсетілімі бар пациенттерге вакцина салынбайды. Пациенттерге екпе салдыртқаннан кейін белгілі бір уақыт медициналық мекемеде күте тұру кеңес етіледі. Анафилаксиялық шок немесе ауыр алллергиялық әсер пайда болған жағдайда дәрігерлер дереу көмек көрсете алады. Жанама әсерлердің көбі жеңіл өтеді, бұл вакцинаның пациенттердің иммундық жүйесін реттеп жұмыс істейтінін білдіртеді», - деп атап өтті спикер.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 cәуірде басталған. Вакциналау төрт препаратпен жүзеге асырылуда: еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001, ресейлік «Спутник-V» және 1 тамыздан бастап американдық Moderna вакцинасы. Екпе науқаны басталғалы 2 миллион өзбекстандық азамат коронавирусқа қарсы вакциналаудық толық курсын өтті.


Басты сөздер: Коронавирус, Өзбекстан,
Жоғары қарай