Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 16 жастағы жасөспірім қыз өз үйінен кетіп қалған

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 22:55

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 16 жастағы жасөспірім қыз өз үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 қыркүйек күні болды.

Сағат шамамен 21.30-да 1985 жылғы тұрғын 102 телефонына қоңырау шалып, қызының таңертең мектепке кеткеннен оралмағанын хабарлады.

Сол бойда Орал қаласы полиция басқармасының ювенальды полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Көп ұзамай жасөспірім қыз аман-есен табылды. Оның психологиялық жай-күйі ескеріліп, қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Қазіргі кезде қыздың мұндай әрекетінің себебі анықталуда.

Облыста жыл басынан бері 28 жасөспірімнің үйінен өз бетімен кетіп қалғаны тіркелді. Олардың бәрі табылып, үйлеріне қайтарылды.

Өңірде 13-19 қыркүйек аралығында жасөспірімдер қылмысын ашу және алдын алу мақсатында «Жасөспірім» іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында мекенжайы бойынша 52 жасөспірім мен 71 қолайсыз отбасы тексерілді. 6 жеткіншек профилактикалық есепке қойылды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 127-бабын (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бұзушылықтың 6 дерегі анықталды. Сондай-ақ 71 жасөспірімнің түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүргені, тағы үшеуінің алкоголь ішімдіктерін ішкені белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды.




Жоғары қарай