Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Оралда 2 автокөлік соғысып, екі қыз ауруханаға жеткізілді

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 23:25

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос автокөлік соқтығысып, екі қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болды.

«ВАЗ-2114» және «Ауди» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 11.36-да қоңырау шалынды. Бригада 11.41-де жетті.

Зардап шеккендердің екеуі де – 1997 жылғы қыздар. Алдын ала мәліметке қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Олар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Қыздардың біреуі амбулаторлық ем алуға жіберілді. Жабық бас-ми жарақатын алған екіншісінің жағдайы қалыпты», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көлік аударылып, екі жігіттің қаза тапқанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай