Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

2020 жылдың 26 қазан 2020 14:43

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін Шаған өзенінен өтетін көпірде, «Динамо» базасы ауданында болды.

Көпірден секіріп кеткен әйелді ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім қызметкері Асқар Нұрғалиев құтқарып қалды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Нақты ақпарат кейін берілетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 11.30-да шақырылды.

Денесі тоңған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.


Жоғары қарай