Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 43 жастағы ер адам өзіне-өзі пышақ салған

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 22:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда полицейлер өзіне-өзі пышақ салған 43 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 21 қыркүйек күні қалаға қарасты Деркөл кентінде болды.

Бірге арақ ішу барысында отбасылық жанжал суицидке ұласа жаздаған. 43 жастағы ер адам мас күйінде ішіне бірнеше рет пышақ сұққан.

Шақыртумен Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, аға инспектор, полиция аға лейтенанты Қайрат Длимов пен инспектор, полиция лейтенанты Джохар Ертаев дер кезінде келіп жеткен.

Ер адам көрші үйдің ауласында пышақты жүрек тұсына ұстаған күйінде тұрған. Полицейлер онымен сөйлесіп, сабырға шақырған. Әңгімемен алаңдатып, пышақты алып үлгерген.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті арқасында ер адам тірі қалды. Ол ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейлердің велосипед мінген ер адамды қағып, қашып кеткен жүргізушіні ұстағанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай