Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 71 жастағы ер адам бір аптадан кейін табылды

2020 жылдың 21 қазан 2020 22:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам бір аптадан кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Иван Касаткин кеше түсте Зачаган кентіндегі «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңынан табылды.

Ер адам қазір ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Ол 13 қазан күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған.


Жоғары қарай