Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Оралда ата-анасына ренжіген 15 жасар оқушы қыз үйінен кетіп қалған

2020 жылдың 10 қаңтар 2020 23:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 15 жастағы мектеп оқушысы үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқушы қыз үйінен кеше кешкісін шамамен сағат 21.00-де кеткен.

Анасы қызының жоғалып кеткені жөнінде сағат 22.26-да полицияға хабар берген.

Полиция қызметкерлері қызды түнімен іздестірді, тек таң ата оның қайда екенін анықтады.

Үй ішімен керіскен оқушының хат жазып, үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта қызбен және оның ата-анасымен ювеналды полиция инспекторлары түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, 2019 жылы полиция органдарына жоғалғандар жөнінде 632 шағым түсіп, соның ішінде 579 адам көп ұзамай табылған.


Жоғары қарай