Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда «Ата жолы» мистикалық діни ағымының мүшелері ұсталды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 21:01

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері тыйым салынған «Ата жолы» оккультті - мистикалық діни ағымының мүшелерін ұстап, айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 қыркүйекте Орал станциясындағы Желілік полиция бөліміне тіркелмеген «Ата жолы» қауымдастығында тұратын бір топ адам Орал станциясынан «Орал-Алматы» жолаушылар пойызымен жолға шығатыны туралы жасырын хабарлама келіп түсті» деп атап өтті көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, түскен ақпаратты тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ БҚО бойынша дін істері басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласының 4 тұрғынын ұстаған. Олар - 41, 45, 47 және 50 жаста.

«Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК 489-бабы 9 және 10-тармақтары бойынша, яғни, Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасағаны, қатысқаны, олардың қызметiн қаржыландырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды және 50 және 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп атап өтті О.Бекеев.

«Ата жолы» ұйымына 2009 жылдан бастап Қазақстан аумағында ресми тыйым салынған. Соған қарамастан бұл ұйым қызметін жасырын жалғастыруда. Азаматтарды сақ болып, жалған діни ағымдардың қулығына бой алдырмауды сұраймыз» деп түйіндеді полиция полковнигі.


Жоғары қарай