Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автобус пен жеңіл көлік түйісіп, 45 жастағы әйел ауруханаға түсті

2021 жылдың 18 қыркүйек 2021 18:05

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автобус пен жеңіл көлік түйісіп, әйел адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға бүгін қала орталығындағы №8 орта мектеп аялдамасы маңында болды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, сағат 14.45-те Еуразия даңғылы бойында №43 бағытпен жүретін автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.

Соның салдарынан автобуста отырған 1976 жылғы әйелді жедел жәрдем қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Әйел иығы мен оң бүйрегін соғып алған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыз қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай