Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті

2021 жылдың 14 маусым 2021 14:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Әбілқайыр хан даңғылында болды.

«Автокөлік шамамен жасы 50-дегі әйел адамды қағып кеткен. Жедел жәрдемге сағат 12.04-те қоңырау шалынды. Бригада бес минуттан кейін оқиға орнына жетті. Бірақ әйел адам алған жарақаты салдарынан сол бойда қайтыс болып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.




Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, шамамен сағат 11.55-те 35 жастағы жүргізуші DAF жүк көлігімен реттелетін жаяу жүргінші өткелінде 1965 жылғы әйелді қағып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мас күйінде суға түскен екі адамның батып кеткенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай