Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автокөлік қағып кеткен екі жасөспірім ауыр халде ауруханаға түсті

2021 жылдың 5 желтоқсан 2021 00:07

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол таңдамайтын автокөлік қағып кеткен екі жасөспірім ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға желтоқсан күні Деркөл кентіндегі «Нұр» дүкені жанында болды.

Жедел жәрдем сағат 19.00-де шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті.

«Жол апаты салдарынан 2005 жылғы екі бозбала зардап шекті. Екеуі де жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Жасөспірімдер облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары ауыр», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, жүргізушінің қашып кеткенін жеткізді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлгенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай