Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автокөлік мотоциклмен жүрген екі жасөспірімді қағып кетті

2021 жылдың 15 маусым 2021 20:33

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік мотоциклмен жүрген екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 маусым күні Х.Доспанова мен Ф.Неусыпов көшелерінің қиылысында болған.

Шамамен сағат 17.00-де «Шаран» автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі мотоциклді өткізбей, қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан мотоциклді жүргізіп келе жатқан 2006 жылғы жасөспірім облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Мотоциклде онымен бірге болған 2005 жылғы қыз да жарақат алған.




Оған қоса «Шаран» автокөлігіндегі бір жолаушының да денсаулығына зақым келген.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Сондай-ақ бүгін шамамен сағат 15.20-да М.Мәметова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші «ВАЗ» автокөлігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жарық бағанына соғылған.

Салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды.




Еске сала кетейік, бұдан бұрын полицейлер аударылған автокөліктен үш адамды шығарып үлгергенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай